Кинотеатр, клуб, концерт залдары жұмыс істемейді. Қарағанды облысында санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Қарағанды облысында санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда мерекелік шараларды, семинарларды, отбасылық жиындарды өткізуге тыйым салынатыны жазылған. Бильярд, караоке, компьютерлік және түнгі клубтардың жұмысы тоқтатылады. Адам көп жиналатын барлық іс-шараларға шектеу қойылады. Ашық жүйесіне қосылғанына қарамастан кинотеатрлар мен театрлар және концерт залдары жұмыс істемейді. Ал ұлттық құрама мен командаларға жаттығуға рұқсат беріледі. Тек спортшы саны 30-дан аспауы тиіс.