424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада вакцина алған екі тұрғын iPhone12 ұтып алды

  • 127
  • UPD: 13:12, 11.07.2021
Елордада вакцина алған екі тұрғын iPhone12 ұтып алды фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алғандар арасында iPhone12 телефонының екі данасының, сол сияқты түрлі демеушілердің сыйлықтарының ұтыс ойынын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында (Facebook, YouTube) сағат 20:00-де вакциналанған азаматтар арасында екі iPhone12 ойнатылды. Бірінші ұтыс ойынына вакцинация басталған сәттен бастап 6 шілдеге дейін екпе алғандар қатысты. Оның барысында 259 мың 115 адам вакцина алды.

Ұтыс иегерлерін анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер қызметі орнатылып, ол жеңімпаздарды ID арқылы таңдады. Бұл сервис Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерімен біріктірілген.

Сонымен осы аптада екі iPhone12 телефонының иегерлері:

Жадауова Жанар Абилдаевна (ID нөмірі: 79642);

Сорокина Тамара Ивановнаға (ID нөмірі: 203369).

Елорда әкімдігі жаздың соңына дейін апта сайын iPhone12 телефонының екі данасын ұтысқа қояды. Осылайша, жалпы саны 20 iPhone смартфоны ұтысқа қойылады.

Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары ұйымдастырылуда. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ұтысқа екі бөлмелі пәтердің қойылғанын хабарлаған. Оған осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін қабылдаған 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Аталған ұтыс ойынына барлық сауда үйлері мен медициналық мекемелерде вакцина алғандар қатысады. Бұл ұтыс ойыны демеушілердің көмегімен жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы