Ауыл әкімін сайлау: Жамбыл облысында 120-ден астам кандидат ұсынылды

Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауына 120-дан астам кандидат ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер, ауыл шаруашылығы саласының мамандары бар. Үміткерлердің 32%-і әйел адам. Саяси науқан 38 ауылдық округте өтеді. Бірер күннен кейін үгіт-насихат жұмыстары басталады. Елді мекендерде сайлау учаскелері дайын. «Мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай қарастырылып жатыр», - дейді комиссия төрағасы.

Серғали Айдапкелов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Жалпы 122 кандидаттардың ішінде құжат өткізген, соның 67%-і саяси партиялардан. Қалғандары өзін өзі ұсынған азаматтар. Жалпы айта кету керек, облыста қазір өзін өзі ұсынған азаматтар саны басым. Ол деген сөз жалпы қарапайым азаматтарымыз елдің тағдырына, саяси ахуалын көтеруге белсінділігін танытады деп ойлаймын.