Коронавирус: Қазақстанның 11 өңірі «қызыл» аймақта тұр

12 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары орналасқан. «Сары» аймақта Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.