Қазақстанда коронавирустан бір күнде 34 науқас қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 шілдедегі ақпарат белгілі болды.

12 шілдедегі мәлімет бойынша, 41 980 адам коронавирус инфекциясынан (–40 545 + және 1435 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 13 568 пациент стационарда, 28 412 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Соңғы тәулікте пневмониядан - 3, коронавирустан - 34 науқас көз жұмған.