424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте 70 жас мерейтойға жиналған қонақтар үйіне қайтарылды

  • 122
Шымкентте 70 жас мерейтойға жиналған қонақтар үйіне қайтарылды

Шымкентте карантин режимін бұзып, мерейтой жасағандар жауапқа тартылатын болды.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейд жүргізеді. 11 шілде сағат 14:00 кезінде Төле би көшесінде орналасқан «Құрма» кафесі карантин шектеулерін бұзып, 50 адамнан асатын 70 жас мерейтой өткізіп жатқанын анықтады. Сондай-ақ қызметкерлер мен даяшылар кафе ішінде бетперде тақпай қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған кафе әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Осы орайда Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыны ескермей, әлі той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы