424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында 36 сайлау учаскесі өз жұмыстарын бастады

  • 75
  • UPD: 18:15, 12.07.2021
Атырау облысында 36 сайлау учаскесі өз жұмыстарын бастады

Атырау облысы бойынша биылғы ауылдық округ әкімдіктері сайлауына әйел азаматтардың белсенділігі жоғары.

Күні бүгін ұсынылаған 73 кандидаттың 57 тіркелген. Үміткерлердің арасында 19 қыз-келіншек бар. Жалпы мұнайлы өңірде 18 селолық округте әкімдер сайлануы тиіс. Сайлау облыстың 6 ауданы мен қала іргесіндегі 2 ауылдық округте өтеді. Болашақ ауыл басшыларын 44500 сайлаушы таңдайды. Қазір облыста 36 сайлау учаскесі құрылып жұмыстарын бастаған. Кандидаттарды тіркеу жалғасуда. 

Азамат Айманақұмов, облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:

– 18 кандидат мемелкеттік қызметші болып жұмыс істейді. Оның ішінде 8-і округ әкімдері. Мамандықтарына келетін болсақ: мұғалімдер, заңгерлер, экономистер мен ауылшарушылығы саласының мамандары. 27 кандидат сол өздері ұсынылған ауылдық округтің аумағында тұрады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі 14 шілде сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы