ҚР ИИДМ вице-министрі Қазақстандағы тұрғын үй бағасына болжам жасады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Баға болжамына келсек. Тұрақты мониторинг жүргіземіз. Егер қаңтарда жаңа тұрғын үй бағасы 3,8%-ке күрт көтерілсе, екінші реттік тұрғын үй бағасы 7,2%-ке өсті. Маусымда қайталама тұрғын үйге 1,2%, ал жаңа тұрғын үйге 0,9% қосылды», - деді Өскенбаев ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ол Петропавлда қаңтар-ақпанда қайталама тұрғын үй бағасы 5,6%-ке және 4,6%-ке өскені байқалғанын, ал сәуірде 2,4%-ке дейін төмендеп, сол деңгейде сақталғанын айтты.

«Жыл басында өсім байқалса, маусым-шілдеде баға тұрақталуы тиіс. Зейнетақыны пайдалануға байланысты тұрғын үйге деген сұраныс көбейгендіктен пәтер қымбаттады. Қазірдің өзінде баға тұрақталып келеді. Менің жеке болжамдарым бойынша қыркүйекке қарай баға төмендеуі керек», - деді вице-министр.

Сондай-ақ...