Қарағанды облысында вакцина алғандар арасында лотерея ұйымдастырылды

COVID-19-ға қарсы вакцина нағыз лотереяға айнала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағанды облысының Қаражал қаласында екпе салдырған тұрғындар қымбат тұрмыстық техника ойнатылатын ұтысқа қатысты. Алғашқы кезеңге 150 адам өтініш білдірген. Олардың басым көбі сый-сияпатқа ие болды. Қаражал қаласында бүгінде 8 мыңнан астам адам тұрады. Оның 5200-і вакцинаның бірінші компонентін, 2085 тұрғын екінші компонентін алған.