Ауыл әкімін сайлау. Атырау облысында үміткерлердің арасында 19 әйел бар

Атырау облысы бойынша биылғы ауылдық округ әкімдіктері сайлауына әйел азаматтардың белсенділігі жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24».

73 кандидаттың 57-сі тіркелген. 19 қыз-келіншек бар. Жалпы мұнайлы өңірде 18 селолық округте әкімдер сайлануы тиіс. Сайлау облыстың 6 ауданы мен қала іргесіндегі 2 ауылдық округте өтеді. Болашақ ауыл басшыларын 44500 сайлаушы таңдайды. Қазір облыста 36 сайлау учаскесі құрылып жұмыстарын бастаған.

Азамат Айманақұмов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- 18 кандидат мемелкеттік қызметші болып жұмыс істейді. Оның ішінде 8-і округ әкімдері. Мамандықтарына келетін болсақ: мұғалімдер, заңгерлер, экономистер мен ауылшарушылығы саласының мамандары. 27 кандидат сол өздері ұсынылған ауылдық округтің аумағында тұрады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі 14 шілде сағат 18:00-ге дейін жалғасады.