Түркістан облысында ауыл әкіміне 25 үміткердің кандидатурасы заңға сәйкес емес

Түркістан облысы бойынша 60 ауылдық округтің әкімдігіне 285 үміткер ұсынылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 187-і өзін өзі ұсынса, қалған 98-і саяси партиялардың атынан түскен. Нәтижесінде 252 үміткер қалып, олардың 244-інің құжаты арнайы тексеруге жіберілген. Бүгінгі күні 157 үміткер заңды тіркелген. Оның 75-і саяси партиялардың атынан қатысса, 82-сі өзін өзі ұсынғандар. Комиссия мүшелерінің айтуынша, саяси науқан тартысты болмақ. Себебі, 1 орынға 3-4 үміткерден таласады. Үміткерлердің орташа жасы – 44. Ең үлкені 62, ал ең кішісі 27 жаста.

Әлібек Өмірәлиев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- 14 шілдеден бастап үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. 23 шілдеге дейін, 24-і тыныштық күні болады. 25-і күні сайлау. Барлық сайлау учаскелерінде тиісті бетперделер болады. Барлық сайлау комиссиясының мүшелері вакциналаудан өтеді. Бүгінгі таңда сайлау комиссиясының мүшелері 92% екпе салдырған.