424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арал ауданында екпе алғандар саны 15 мыңға жетті

  • 94
  • UPD: 21:12, 12.07.2021
Арал ауданында екпе алғандар саны 15 мыңға жетті

Қызылорда облысы Арал ауданында коронавирусқа қарсы 15 мың адам екпе алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде ұжымдық вакциналау шаралары да қарқын алған. Аудан орталығында 3 жылжымалы бригада жұмыс істейді. Егу шарасы Арал қаласындағы базарларда да жалғасын тапты. Сатушылардың жұмыс орнынан алысқа бармай-ақ екпе алуға мүмкіндігі бар. Ауылдық амбулаторияларда да вакцинация пункттері жасақталған. «Арал ауданында «Спутник V», QazVac, CoronaVac және Hayat-Vax вакциналарының көлемі жеткілікті», - дейді дәрігерлер.

Айгүл Қашақбаева, кәсіпкер:

- Емханасына барып салуға уақытымыз да жоқ, қолымыз да тимейді. Мына жақтан бәрі алып жатыр. Барлық жағдай жасалынған, қызметкерлерге рақмет, ешқандай кезекке тұрған жоқпыз.

Лаура Әділбаева, Арал аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Аудан бойынша вакцинация жүргізу мақсатында морозильник, холодильниктермен толық қамтамасыз етілген және жылжымалы термоконтейнерлер толық қамтылған. Ашылғай ауылдық елді мекендерге жылжымалы бригадалар арқылы осы вакцаналау жұмыстары жүргізілуде. Және сол жергілікті медицина қызметкерлерінің көмегімен халықты вакцинациямен қамтылуда.

Хабар 24 телеарнасы