Ақтөбеде қосымша вакциналау пункттері ашылып жатыр

Ақтөбеде вакцина салатын қосымша пункттер ашылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медицина қызметкерлері сауда орындарына да жайғасты. Жергілікті гипермаркет желісі мен орталық базар әкімшілігі қауіпті дертке қарсы екпе салу пункттерін ұйымдастыруға көмектесті. Ақпан айынан бері өңірдің 168 мың тұрғыны вакцина салдырған. Бұл әзірге жоспардың тек 30%-і ғана. Қазір жұқпалы аурудың таралуы дендеп барады. Соңғы тәулікте 55 адам індетке шалдыққан. 18 науқастың халі мүшкіл.

Бекболат Ізбасаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Инфекциялық ауруханаларда 244 адам ем алуда. Ақтөбе қаласы бойынша 180 адам, аудандар бойынша 64 адам. Бір науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 15 науқас өкпені инвазивті желдету аппаратына қосылған. Инфекциялық керуеттер жүктемесі біртіндеп өсіп келе жатыр. Сондықтан біз қазір қосымша инфекциялық стационарды ашуды қарастырып отырмыз.