Қазақстан Pfizer компаниясымен вакцина жеткізу туралы келісімшарт жасайды

Еліміз Pfizer компаниясымен вакцина жеткізу туралы келісімшарт дайындап жатыр.

Бұл туралы Ведомствоаралық комиссия отырысында мәлім болды. Енді «қызыл аймақтағы» 11 өңірде карантиндік шектеулер күшейеді. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады.

Сондай-ақ білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің қызметіне тыйым салынады. 19 шілдеге дейін шағын және орта бизнес қызметкерлерін вакциналаудың нақты мерзімі қайта қаралып, белгіленуі тиіс. «Қызыл» өңірлерде Ashyq жобасына қатысатын спорттық-сауықтыру нысандарының жұмыс уақыты кешкі 20:00-ге дейін қысқартылады. Ал сауда үйлері 18:00-ге дейін ашық болады. Қалааралық, облысішілік, тұрақты және тұрақты емес автобус және шағын автобус тасымалдарын, жабық жағажайлар мен аквапарктар қызметіне мүлдем тыйым салынады.

Демалыс және мереке күндері:

- Қоғамдық көлік жүрмейді

- Білім беру орталықтары, үйірмелердің қызметіне тыйым салынады

Жұмыс уақыты қысқартылады:

- Спорттық-сауықтыру нысандардың жұмыс уақыты 20:00-ге дейін

- Сауда үйлерінің жұмыс уақыты 18:00-ге дейін

Ashyq жобасына қатыспайтын нысандар қызметіне тыйым салынады:

- Қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес автобус

- Шағын автобус тасымалдары

- Жабық жағажайлар мен аквапарктар.

Сондай-ақ...