424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында ауыл әкімдерінің сайлауына 318 кандидат ниет білдірді

  • 130
  • UPD: 22:08, 12.07.2021
Ақмола облысында ауыл әкімдерінің сайлауына 318 кандидат ниет білдірді

Ақмола облысында ауыл әкімдерінің сайлауына 318 кандидат ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үміткерлердің 200-ден астамы өзін өзі ұсынған, қалғаны саяси партиялардан. Бірақ әзірге олардың 173-і ғана тіркелген. 10 кандидат түрлі себептерге байланысты есепке алынбаса, тағы тоғызының кандидатурасы талапқа сай келмеген.

«Ал, басқаларының құжаттары әлі қарастырылып жатыр», - дейді, облыстық сайлау комиссиясының өкілдері. Оларды тіркеу жұмыстары 14 шілдеде сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Ақмола облысында алдағы саяси науқанда 95 әкім сайланады. Ал, сайлау учаскелері 200-ден астам елді мекенде орналасқан.

Манарбек Сәдуов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Үміткерлердің орташа жасы – 41,5. Ал, ең жас кандидат 25-те. Ол Есіл ауданында. Өздеріңіз білесіздер, бізде заң бойынша азаматтар 25 жастан бастап сайлауға түсе алады. Ал, ең егдесі 63 жаста. Кандидат Шортанды ауданынан ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы