Алматыда Hayat-Vax пен CoronaVac вакцинасы таусылды

Алматыда қазіргі күнде ресейлік «Спутник V» және қазақстандық QazVac вакцинасын салдыруға ғана мүмкіндік бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен, отандық вакцина түгесілуге жақын. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының жетекшісі Нариман Табынбаев хабарлады. Шаһарда қытайлық CoronaVac және Hayat-Vax вакциналары таусылған. Ақпан айынан бастап Алматыда екпенің бірінші компонентін 600 мыңға жуық адам алған. Қазіргі уақытта 212 вакцинациялау пункті жұмыс істейді.

Нариман Табынбаев, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Қалада «Спутник V» вакцинасының қоры жеткілікті. Бүгінгі таңда халықаралық сарапшылардың бағалауынша, бұл вакцинаның иммундық қорғаныш қабілеті жоғары. Ал Pfizer вакцинасын Қазақстанға әкелу мәселесіне келсек, қазір келіссөздер жүріп жатыр. Нақты қашан жеткізілетіні белгісіз.