424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Беларусь мемлекеттік деңгейде құрылыстың құнын салыстыратын болады

  • 107
  • UPD: 10:37, 13.07.2021
Қазақстан мен Беларусь мемлекеттік деңгейде құрылыстың құнын салыстыратын болады

Елдер құрылыс объектілерінің құнын салыстырудың мемлекетаралық стандартын әзірлеуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ үнемі қадағаланатын және салыстырылатын 100 баға құраушы құрылыс материалдары анықталатын болады.

Жалпы баға талдауы Қазақстан мен Беларусьтің бірлескен құрылыс жобаларына қатысуы үшін қажет болады, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Тиісті уағдаластыққа құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі республикалық ғылыми-техникалық орталықтың (РҒТО, Беларусь) және Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) қатысуымен өткен бейнеконференция барысында қолжеткізілді.

Екі ұйым да мемлекеттік деңгейде баға белгілеу және ақпараттық модельдеу мәселелеріне жетекшілік етеді.

Сарапшылар қазақстандық және беларусьтік үлгілік жобаларға, технологиялық карталарға салыстырмалы талдау жүргізуге және баға белгілеу жүйесін қалыптастыру және ақпараттық модельдеуді енгізу тәсілдерін зерделеуге келісті.

«Беларусьте, сондай-ақ Қазақстанда да осы үлгілік жобалардың мемлекеттік қоры бар. Қазақстанда жобаларды өзектендіру әр 3 жыл сайын, ал Беларусьте әр 5 жыл сайын жүргізіледі. Біздің елдеріміздің үлгілік жобаларын салыстыра отырып, біз мемлекеттеріміздің осы үлгілік жобаларының қорларын кеңейте алар едік», - деп есептейді РҒТО директоры Геннадий Пурс.

Өз кезегінде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Александр Шахнович салыстырмалы талдау үшін мектептердің барынша ұқсас үлгілік жобаларын пайдалануды және техникалық-экономикалық көрсеткіштерді салыстыруды ұсынды.

Конференция барысында Еурокодтарды қолдану мәселелері талқыланып, тараптар құрылыста ақпараттық модельдеуді қолдану саласында тәжірибе алмасты.

Александр Шахнович Қазақстанда ақпараттық модельдеуді енгізу бойынша нормативтік база әзірленгенін, нормативтерді цифрландыру және ақпараттық модельдерді тексеруді автоматтандыру бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда: Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкентте құрылыстың барлық кезеңдерінде ақпараттық модельдеуді пайдалана отырып, пилоттық жобаларды әзірлеу жоспарланғанын айтты.

Өз кезегінде Геннадий Пурс Беларусь мамандары салынған ғимараттар үшін ақпараттық модельдер жасап жатқанын атап өтті, олар кейінірек ТКШ саласында қолданылады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қазақстандық және белорустық мамандар Еурокодтарды практикалық қолдану, сметалық нормалау мәселелері бойынша бірқатар кеңес өткізуге және 100 баға құраушы құрылыс материалдары бойынша ұсыныстар беруге келісті.

Хабар 24 телеарнасы