Алаяқтар Instagram желісінде алдаудың жаңа айласын ойлап тапты

Интернет алаяқтар инстаграм желісінде өз жәбірленішушілерін оқырмандар саны бойынша таңдап алады.

Бұл туралы Алматы криминалдық полициясының баспасөз қызметі мәлемдеді.

Әлеуметтік желіде көк құсбелгіні, яғни  оқырман қатарының көптігін растайтын  мәртебені беру үшін алаяқтар сілтеме бойынша өтуді сұрап, парақшаңыздың құпия сөзін енгізуді талап етеді. Осыдан кейін пайдаланушыға өтініштің қабылданып, үш күн ішінде расталатыны айтылады. Алайда осыдан кейін парақша бұғатталып қалады. Сол мезетте ұялы телефонға немесе WhatsApp-қа 200-ден мың долларға дейін төлем енгізуді талап ететін бірнеше хабарлама келеді. Яғни бұғатты шешу үшін деген. Ақша жіберген адам осыдан кейін қалтасы қағылып қалады да алаяқтар із-түзсіз жоқ болып кетеді екен. Бүгінде Алматы полициясына осындай жәйтқа тап болған 6 азамат өтініш жазған.