424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

iKOMEK орталығы 10 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

  • 115
  • UPD: 13:58, 13.07.2021
iKOMEK орталығы 10 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады Елорда әкімдігі

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында бейнебақылау камералары бойынша тәулік бойы бақылау арқылы iKOMEK Ахуалдық орталығы 10 128 түрлі құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

IKOMEK-те 16 000-нан астам бейнебақылау камерасы біріктірілген, олар саябақтар, гүлзарлар, мешіттер, автобус аялдамалары, вокзалдар секілді адам көп жиналатын жерлерде орналасқан.

Сонымен, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қалалық ПД экологиялық полиция бөлімімен бірлесе отырып, стихиялық орындарға қоқыс шығарудың 30-дан астам фактісі анықталды, олар елорданың экологиясына кері әсер етеді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша полиция департаментімен бірлесіп, жыл басынан бері 22,8 млн теңгеден астам сомаға 1 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, рәсімделді.

Сонымен қатар iKOMEK ахуалдық орталығы 76 қылмысты ашуға көмектесті.

Сол сияқты операторлар қаланың бейнебақылау жүйесі арқылы уақытылы қар күрелмеген орындарды, су тасқыны мен жаңбыр кезінде су басу фактілерін, ашық құдықтарды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басқа да оқиғаларды анықтады. Анықталған оқиғаның бәрі қалалық коммуналдық қызметтермен жедел пысықталады.

«Жыл басынан бері iKOMEK бейнебақылау операторлары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 5 830 бұзушылық фактісін анықтады. Су басу, қар күрелмеу, қоқыстың жиналуы, құдықтар (ашық, сәтсіз, стандартты емес), абаттандыру (жарықтандыру, тротуар, асфальт, шыны) ЖЖЕ (автокөліктің дұрыс тұрақтамауы) және т.б.», – деді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дубирова.

Хабар 24 телеарнасы