424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ойын бизнесіне қамқорлық көрсеткен Қаржы мониторингі агенттігінің екі қызметкері ұсталды

  • 84
  • UPD: 14:16, 13.07.2021
Ойын бизнесіне қамқорлық көрсеткен Қаржы мониторингі агенттігінің екі қызметкері ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі өз қатарындағы бұзушылықтармен тұрақты түрде күрес жүргізіп, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін кез келген әрекеттің жолын кеседі.

Агенттіктің Жеке қауіпсіздік департаменті маусым айында қылмыскерлердің заңға қайшы әрекетіне қызметкерлердің көмек көрсетуінің екі дерегін анықтады.

Жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында заңсыз ойын бизнесіне қамқорлық жасағаны үшін Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменттің жедел уәкілі ұсталды.

Осыған ұқсас дерек Ақтөбе облысында анықталды, мұнда ЭТД тергеушісі қамқоршылықтан басқа, ақшалай сыйақы алған. Күдіктілер 2 айға қамауға алынды. Өзге мәлімет тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды.

Егер осындай фактілер белгілі болса, агенттіктің сенім телефоны арқылы +7 (7172) 708-478 немесе әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы хабарлауды сұраймыз.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы