424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында карантин тәртібі күшейтілді

  • 433
  • UPD: 15:42, 13.07.2021
Қарағанды облысында карантин тәртібі күшейтілді

Вирус жұқтырғандардың саны артып, өңірдегі эпидахуалдың нашарлауына байланысты облысаралық және қалалық тұрақсыз тасымалдау қызметі уақытша тоқтатылды.

Аквапарк пен жағажай және бассейндердің жұмысына да тыйым салынды. Бұл қатарда көрермен кіргізуге рұқсаты жоқ театрлар мен кинотеатрлар бар. Ashyq қосымшасын қолданатын қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс істеу кестесі кешкі сағат 10-ға дейін және жаздық дәмханалардың қызметі түнгі сағат 12-ге дейін қысқартылды. Сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтары, азық-түлік сатпайтын дүкендер мен жабық базарлар 17:00-ге дейін жұмыс істей алады. Тек супермаркеттер мен дәріханалардың қызмет көрсету кестесі өзгеріссіз.

Хабар 24 телеарнасы