Вакцина алмағандар жұмыстан қуыла ма?

Жұмыс берушіл вакцина салдырмаған адамды қызметінен қуа алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтың айтуынша, денсаулық кодексіне сәйкес екпені адам ерікті түрде салдырады. Оны алмағаны үшін әкімшілік не қылмыстық іске тарту қарастырылмаған. Есесіне жұмыс беруші мүмкін болып жатса, ковидке қарсы вакцинаны салмаған қызметкерін қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіре алады. Егер ондай мүмкіндік болмаса, не жұмысшы қашықтан жұмыс істеуден бас тартса Еңбек кодесінің 48-бабы 1-тармағына сәйкес уақытша жұмыстан шеттетіледі. Бір ескерерлігі, бұл кезде жалақы жүрмейді. Осы аралықта жұмыс беруші өзге адамды еңбекке тартуға құқылы. Вакцина салдыра алмайтын, бірақ жұмысынан қол үзгісі келмейтін жандар апта сайын өз қаржысына ПТР тест тапсырып, қызметіне қатынай алады. Жұмыс берушімен өзара келісілген жағдайда, ПТР тесттен қызмет орнының есебінен өтуге болады. Өз құқыңызды қорғау үшін еңбек инспекциясына жүгінуге болатынында ескерте кетейік.