425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды

  • 112
  • UPD: 16:51, 13.07.2021
Халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Үкіметте премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасында 2021 жылы ұлттық халық санағын өткізуге дайындық және ұйымдастыру мәселелерін шешу бойынша арнайы комиссияның отырысы өтті.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары санақ құрамын толық қамтамасыз ету және вакциналау мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды, деп хабарлады primeminister.kz. Тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге еріктілер ұйымдарын, студенттер мен жұмыссыз тұрғындарды сұхбаттасушы ретінде тарту бойынша жұмысты күшейту тапсырылды. Санақ жүргізіліп жатқан кезде персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жосықсыз адамдардың алаяқтық әрекеттерін тоқтату ескертілді.

Ә.Смайылов өңірлердің басшыларына бұқаралық ақпарат құралдарындағы баннерлер мен билбордтарды, жарық диодты экрандарды, үнпарақтарды, тиісті ақпараттық хабарламаларды ғана емес, сонымен қатар хабарлау құралы ретінде тұрғын үйлердің топтық чаттарын да қарастыру арқылы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Санақ науқаны аяқталғанға дейін елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын өзгертуге мораторийді сақтау мәселесі де қайта көтерілді.

Сондай-ақ әңгіме мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы шеңберінде, шалғай аудандар мен ауылдарда жоғары сапалы интернетке қосылуды қамтамасыз ету үшін egov.kz веб-порталы мен «sanaq.gov.kz» сайтын интеграциялау аясында атқарылған жұмыстар бойынша ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы болды.

Қорытындылай келе Ә.Смайылов жеке тұлғалардың құпия ақпаратын сақтаудың маңыздылығын тағы бір атап өтті және мұндай мәліметтер «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңымен қорғалатынын еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы Ұлттық халық санағы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz мамандандырылған веб-сайтында онлайн форматта жоспарланған, ал санақтан онлайн өтпеген азаматтар үшін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, әдеттегідей үй-үйді аралау 1-30 қазан аралығында ұйымдастырылады.

Хабар 24 телеарнасы