424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халық санағын өткізу бойынша бірқатар мәселе көтерілді  

  • 82
  • UPD: 20:30, 13.07.2021

Үкіметте халық санағы талқыланды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары  отырыста санақ құрамын толық қамтамасыз ету және вакциналау мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды.

Әлихан Смайылов өңірлердің басшыларына халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өтті. Тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге еріктілер ұйымдарын, студенттер мен жұмыссыз тұрғындарды сұхбаттасушы ретінде тарту бойынша жұмысты күшейту тапсырылды. Сондай-ақ, санақ науқаны аяқталғанға дейін елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын өзгертуге мораторийді сақтау мәселесі де қайта көтерілді. Әлихан Смайылов жеке тұлғалардың дербес ақпаратын сақтаудың маңыздылығын айтты. Және мұндай мәліметтер «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатынын еске салды. Сондай-ақ жосықсыз адамдардың алаяқтық әрекеттерін тоқтату ескертілді.

Хабар 24 телеарнасы