Елімізде вакцинадан кейін тұмау жұқтыратындар қатары азайған  

Вакцинадан кейін маусымдық тұмау жұқтырғандар қатары азайған. Дегенмен, мамандар вакцина алған соң да маска тағып жүруге кеңес береді.

Себебі, кез-келген жерде ұжымдық иммунитет қалыптаспай арқаны кеңге салуға болмайды. Эпидемиологтардың айтуынша, адам ағзасында анти денелер екпеден соң тек үш аптадан кейін толық қалыптасады. Сондықтан, бетперде тағып, гигиена сақтап жүру қажет. Себебі «Дельта» штамының аса қауіпті екенін айтып дабыл қағып жатыр сала мамандары. Бүгінгі күні еліміздің 12 өңірі «қызыл» аймақта. Бұл эпидемиологиялық ахуалдың ушығып тұрғанын көрсетеді.

Рафаиль Қыпшақбаев, эпидемиолог:

Короновируспен ауырып қалғанша, вакцина егілген дұрыс. Себебі, бұл вирус кей адамдарға өте ауыр тиеді. Ковид салдары өлімге әкеліп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл індеттен құтылудың бір ғана жолы бар. Маман ретінде вакцинаның екі компонентін де алуға кеңес беремін.

Дәрігерлер жүктілікті енді жоспардап жүрген әйелдерге вакцинаның екі компанентін де алуға кеңес береді. Себебі, жүктілік кезінде жұққан короновирустың салдары ауыр болады. Тіпті соңғы екі апта вирусты негізінен балалар мен жастардың жұқтырғаны анықталған.

Манар Смағұл, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы»  филиалы директорының орынбасары:

Егер әйел жүктілігін білмей вакцина алып қойса, қорқатын ештеңе жоқ. Себебі, ДДҰ нұсқауымен басқа мемлекеттердің тәжірибесі бойынша жүктілерге вакцина жасалып жатыр.

Вакцинадан кейін маусымдық тұмау жұқтыратындар қатары азайған сыңайлы. Біз әлеуметтік желідегі өз оқырмандарымыздың арасында сауалнама жүргізіп көрдік.  Сала мамандары, гигиеналық талаптарды бұлжытпай орындаған адамға тұмау жұқпайды деп отыр.

Манар Смағұл, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы»  филиалы директорының орынбасары:

– ЖИТС пен тұмаудың маусымы қазан-мамыр айларында басталады дейміз. Негізі біз басқа вирустардың айналымда жүргені туралы мониторинг жүргіземіз. Былтырғы, биылғы жылдары жұқтыру көрсеткіші төмендеді. Оған біздегі қолданып жатқан шектеулердің септігі тиді.

Әлеуметтік қашықтық сақтау, маска тағу – жұқпалардың алдын алудың бірі. 

Эпидемиологтар КОВИД-тің үнді штамынан келетін қауіптің бетін тек вакцина қайтарады дейді. Дерт дендеп кетсе, өлім-жітімге әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Авторы: Айнұр Қуатқызы 

Сондай-ақ...