Ақмола облысында 15 шілдеден бастап карантин күшейтіледі

Өңірде коронавирус өршіп барады.

Бұрын ересектер мен қариялар көп ауырса, қазір балалар арасында вирус белең алған. Шаһардағы қоғамдық көлік мереке және демалыс күндері жүрмейді. Демалыс күндері «Ашық» жобасына қосылмаған тамақтану орындары, фитнес клубтар, спорттық сауықтыру кешендері мен аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орталықтары да жұмысын тоқтатуы тиіс.

Айнагүл Мусина, облыстың Бас санитар дәрігері:

– Жұмыс күндері фитнес клубтар мен спорттық сауықтыру кешендері 20:00-ге дейін ашық болады. Ал сауда орталықтары 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Тамақтану орындары «Ашық» жобасына қосылған болса 20:00-ге дейін, ол жобада жоқ болса 18:00-ге дейін ғана халыққа қызмет көрсете алады.