Маңғыстаудағы стационарлар науқастарға толып барады

Маңғыстау облысындағы стационарларда төсек орын 60%-ке толды.

Коронавирус індетін жұқтырғандар көбейді. Қазір жансақтау бөлімінде 35 адам жатыр. Өңір бүгінде қызыл аймақта, эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Індет жұқтырғандар саны 9 мың 551-ге жетті. Соңғы тәулікте 141 адамнан коронавирус анықталып, 4 адам көз жұмған. Ал жыл басынан бері 69 науқас қайтыс болды.

Нұрбол Қонжар, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– Бұрындары күніне әрі кетсе 50-60 адам түсетін болса, қазіргі жағдайда осы айдың өзінде 1 күнге 200-ге жуық адам инфекциялық стационарға түсіп жатыр. Бұлай жалғаса беретін болса төсек орындар толып қалу мүмкін. Естеріңізде болса, 1-ші пандемия кезінде адамдарға орын болмай, тіпті дәлізге жатты. Қосымша провизор орталық аштық. Өкініштісі, той садақаға бару толастар емес. Ауру саны күннен күнге өсіп бара жатыр. Жағдай күрделене беретін болсақ, 2500 біз төсек орын қосымша резервте тұрған оның барлығын қазір-ақ толтырып тастаймыз.