Қостанай облысында үш адам сібір жарасын жұқтырды

Қостанай облысы Денисов ауданының Приречный ауылындағы серіктестікте жиырма шақты ірі қара қырылып қалды.

Сараптама қорытындысы олардың сібір жарасынан өлгенін анықтаған. Мамандар қазір жағдай тұрақты деп отыр. Жекенің малынан басқа елді мекендерде қауіпті дерт байқалған жоқ дейді. Бір өкініштісі, осы ауылдық округтың үш тұрғыны сібір жарасын жұқтырған.

Людмила Налобина, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Бұл адамдар Приречный ауылындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істеген. Олар малды күтіп-баққанда, не оны сою, етті бөлшектеген кезінде жұқтыруы мүмкін.

Бауыржан Бекет, облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

– Біздің болжамымыз бойынша, бұл жаңағы мынау жыртқыш аң-құстар, сосын мынау даладағы кеміргіштер жаңағы сібір жарасының бациласының спораларын басқа жақтан әкелуі әбден мүмкін.