Сайлау 2021: СҚО-да алты мыңнан астам адам таңдау жасайды    

Шілденің 25-і күні солтүстік қазақстандықтар 70 ауыл мен аудандық маңызы бар Мамлютка қаласының әкімін таңдайды.

Әзірге барлығы 237 үміткер тіркелген. 163-і өзін өзі ұсынған. Ең жасы 27-де болса, үлкені 62-ден асқан. Саяси додада алты мыңнан астам адам өз таңдауын жасайды. Бұл – 218 елді мекеннің тұрғындары. 54 ауылдың халқы көрші мекендерге жеткізіліп, дауыс береді.

Тілеген Қаскин, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Кандидаттардың 38,4 пайызы – педагогтер, 17 проценті – заңгерлер, 15-ін экономистер құрап отыр. 19 адам – ауылшаруашылығы саласының мамандары. Үміткерлерді тіркеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.