Бас мүфти мал бағасын шарықтатпауға шақырды

Құрбан айт қарсаңында Бас мүфти кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын арзандатуға үндеді.

Наурызбай Тағанұлы айт күндері мал сатып алуға сұраныстың артатынын ескеріп, шаруа қожалықтарынан мал құнын шарықтатпауды өтінді.

«Сонымен қатар, барша кәсіпкерлерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін» делінген хабарламада.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларды қолдау мақсатында «Қиындықта ел бірге» атты қайырымдылық акциясын қолға алған. Игілікті бастама аясында Қызылорда, Маңғыстау облыстарына жем-шөп жөнелтіледі.

Сондай-ақ...