Елде дауылды ескерту жарияланды

Республиканың бірқатар аймағында күн күркіреп, нөсерлі жаңбыр жаууы мүмкін.

Мәселен, ертең Қостанай облысында найзағай ойнап, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алайда өңірдің оңтүстік-батысындағы құрғақшылық кесірінен өрт қауіптілігі де сақталады. Батыс Қазақстанда солтүстіктен есетін желдің екпіні секундына 20 метрге дейін барады. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп мөлшерінен өзен арнасынан тасу қаупі бар.