424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте шомылу орындары мен банкет залдарына шектеу қойылды

  • 452
  • UPD: 20:40, 13.07.2021
Шымкентте шомылу орындары мен банкет залдарына шектеу қойылды

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз.

Covid-19 инфекциясын күніне 300-ге жуық науқас жұқтырады. Өткен тәулікте 169 жағдай тіркелді. 65 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 104 азамат үй бақылауына алынды. Шаһарда дельта штамы тіркелгендіктен індет өрши түсті. Жедел-жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны 1 тәулікте 2500-ге жетті. Қаладағы №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде жасақталды. Мұнда науқастарға 250 төсек-орын дайындалды. Бүгін оған тағы 100 орын қосылды. Барлығы оттегі аппаратымен қамтылды. Денсаулық сақтау саласының мамандары күшейтілген жұмыс кестесіне көшіп, мобильді бригадалармен толықты. Жаңа қаулыға сәйкес шомылу орындары мен банкет залдарына шектеу қойылды. Тек «Ashyq» қосымшасын пайдаланған біршама кәсіпкерлік нысандары мен дәмханаларға рұқсат берілген.

Бақытжан Позилов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Шымкент қаласының төсек-орындарында қазіргі таңда 1096 адам жатыр. Біз дайындаған төсек-орындардың 55% толымдылығы сыйып отыр. Осыған байланысты күні бүгін ғана Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің қаулысы шықты. Ол жерде сіздің қызметіңіз «Ashyq» бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін болса, ешқандай проблема болмайды. Алайда бізде жабық базарлар мен ашық базарларда біраз өзгерістер бар. Ол туралы алдағы уақытта толық ақпарат береміз.

 

Хабар 24 телеарнасы