Солтүстік өңір «қызыл аймаққа» өтті 

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте қауіпті індет 55 адамнан анықталды. Салдарынан облыс «қызыл аймаққа» енді.

Ауырып жатқандардың жартысынан астамы жастар. 17 адамның жағдайы ауыр. 14 шілдеден бастап шектеу шаралары күшейтіледі. «Ашық» жүйесіне қатыспайтын мәдениет нысандары қызметін уақытша тоқтатады. Ірі сауда орындарының, тамақтану және спорттық нысандардың жұмыс уақыты қысқарды.

Әсет Жұматаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– Маниторингтік топтардың да жұмысы күшейе береді. Бүгінгі таңда әкімшілік-құқықбұзушыларға қатысты 30 АЕК-тен 1600 АЕК-ке дейін әкімшілік хаттамалар толтырылады. Егер біз тамақтану орталықтарына 50-30 адамға дейін кіруге болады деп айтатын болсақ, ол яғни той өткізуге ешқандай құқықтары жоқ. Сондықтан барлығымыз түсінуіміз керек. Осы шектеу жұмыстары ең бірінші жаңағы коронавирустық инфекцияның алдын алу  шаралары болып табылады.