Қызылорда облысында төтенше жағдай жарияланды     

Қуаңшылықтың зардабын тартып отырған Қызылорда облысының Арал ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Бүгінде шөптің шығымына байланысты ауылдық округтер «қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарға бөлінген. Оның ішінде 13-і «қызыл», 6-ы «сары», 4-і «жасыл» аймақта тұр. Қыста шамамен 205 мың бас төрт түлік қолда бағылады деп жоспарланған. Оған 184 мың тонна шөп қажет. Бүгінге дейін ауданға 2 мың 300 тоннасы ғана жеткізілді. Аудандағы шабындықтардан 36 мың тоннадай шөп дайындалады. Қалған 146 мың тоннасын сырттан тасымалдау жоспарланып отыр. Аудан басшысы төтенше жағдайға байланысты қуаңшылық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілетінін айтты.

Серік Сермағанбетов, Арал ауданының әкімі:

– Бірінші кезекте 8 каналды тазалау жұмыстарын жоспарлап отырмыз. Ол Ақшатау, Қамыстыбас көлдер жүйесін ретке келтіруге септігін тигізеді. Сорадан Бұрмақұлақ тоспасын жасап, іске қосу керек. Қызыл аймақта орналасқан 15 су ұңғыманы қосу қажеттілігі биыл атқарамыз деп отырмыз. Жанармай шығындарын өтейтін боламыз келіп жатқан шөптердің. Қажетті қаржының барлығы 1 млрд 936 млн теңгені құрап тұр. Бір бөлігін облыс бөлетін болады, қалғаны республикадан, яғни Үкіметтің резервінен сұралатын болады.