424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда індетке қарсы екпенің маңыздылығы түсіндірілді

  • 264
  • UPD: 23:08, 13.07.2021
Ақтауда індетке қарсы екпенің маңыздылығы түсіндірілді

Ақтауда вакциналауды халыққа түсіндіру шаралары қарқынды жүріп жатыр.

Өңірдің эпидемиолог дәрігері коммуналдық мекеме қызметкерлерімен кездесіп, жұртты толғандырған сауалдарға жауап берді. Жиында қазіргі таңдағы эпидемологиялық ахуал мен вакцина туралы тың ақпарат айтылды. Облыста су, жылу тасымалдайтын мекемеде 558 адам еңбек етеді. Бүгінде оның 168-і вакцина салдырған.

Марал Қадыр, эпидемиолог-дәрігер:

Бұл мекемеде иммунизация бұрын басталған, жалғасын тауып келе жатыр. Алмай жүрген контингент болғандықтан кезектен тыс кездесуді ұйымдастырдық. Көбіне вакцинаның сапасына қатысты қандай кепілдіктер бар екенін, сертификаттарын сұрайды, қандай нормативті құжаттарға сүйенетінімізді сұрайды. Қандай вакцинадан кейін асқынулар болуы мүмкін немесе вакцинаны жүргізуге қандай қарсылықтар бар екені жөнінде сұрақтар қойылып, жауап алды. Келгендер жауаптарына қанағаттанып кетті.

Хабар 24 телеарнасы