Әскери альпинистерді қалай дайындайды?

Елімізде осыдан 3 жыл бұрын тау даярлық орталығы ашылған еді.

Осы аралықта 250 әскери қызметкер және басқа да күштік ведомстволардың өкілдері шеберлігін шыңдап үлгеріпті. Олар небір қиындықты еңсерген. Мұндай машық әскери тапсырмаларды орындау кезінде қажет болады. Тауға өрмелеу  анау айтқандай оңай шаруа емес. Шалт кетсең, өміріңмен қоштасуың мүмкін. 

Әскери альпинистер кезекті рет шыңды бағындыруға беттеп барады. Бұл тар жол, таңғақ кешумен бірдей. Әрбір жауынгер осылай биікке өрмелей білу керек. Талап сондай. Сарбаздарды дайындайтын бұл орталық таудың етегінде орналасқан. Оның ұтымды тұсы да осы.  

Семсер Махабыл, Арнайы мақсаттағы ұтқыр жаттығу тобының басшысы:

– Әскери бөлім нұсқаушылары өте жоғары дайындықты өткізуде. Олардың негізгі мақсаты – Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін дайындау және Қазақстан Республикасының Альпинизм Федерациясының бағдарламасы бойынша сабақ өтуде. Оларға келесі сыныптық біліктіліктер берілуде.

Тау даярлығы орталығы 2018 жылы құрылған еді. Мұнда әскери альпинистерді дайындайды. Осы 3 жылда 210 әскери қызмет шеберлігін шыңдап үлгеріпті. «Тау баласы тауға қарап өседі» дейтін еді. Бала күннен қырға қонып жүрген кей жауынгерге мұның еш қиындығы болмады. Орталыққа келіп, тәжірибе жинайтындардың арасында өзге күштік құрылымның қызметкерлері де бар.   

Семсер Махабыл, Арнайы мақсаттағы ұтқыр жаттығу тобының басшысы:

– Ағымдағы жылдың басынан бастап осы қазіргі уақытқа дейін таулы дайындық орталығында 10 оқу-жаттығу өтті. Оны қорытындылайтын болсақ, 11 әскери қызметші екінші сыныпты Қазақстан Республикасының Альпинизм және спорттық альпинизм федерациясының екінші сыныптық біліктілігін орындады. 76 әскери қызметші ҚР альпинизм және спорттық альпинизм федерациясының үшінші сыныптық белгісін орындады.

Тауға шығу – тәуекелге бел буғанмен бірдей. Шалт кетсең, өмірмен қош айтысуың әбден мүмкін. Сондықтан сарбаздармен өте білікті нұсқаушылар жұмыс істейді. Олардың арасында танымал қазақстандық альпинисттер, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, Эверестті бағындырған майор Мақсұт Жұмаев, капитан Василий Пивцов пен аға сержант Александр Софрыгин бар.

Авторы: Дастан Сейілханұлы