Ірі қара етінің экспорты артты  

Биылғы қуаңшылыққа байланысты азық-түлік тауарының тапшылығы сезілсе, сәйкесінше оның экспорты шектеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда сауда және интеграция министрінің айтуынша, бұл ведомствоның құзырындағы мәселе емес. Бақыт Сұлтанов бұл экспорттаушылар шешімімен реттелетінін айтады. Дегенмен арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия мәселені назарда ұстайды.

Министрлік әзірлеген ақпарға сәйкес, былтыр алғашқы 4 айда ірі қара етінің экспорты 9 млн долларға жуықтаған. Бұл 2,7 мың тонна еттен түскен кіріс. Биылғы жылдың сәйкес мерзімінде экспорт 2,6 мың тоннаны құрап, одан 9 млн 400 мың доллар көлемінде пайда түскен. Экспорт көлемі сәл азайғанмен, табыс 5 процентке өскен. Биылғы ет импорты былтырғы төрт аймен салыстырғанда 41 процентке төмендеген.

Министрлік шетке шығатын ет көлемі ұлғайып, сырттан келетін көлемі азайғанын мәлімдеді.