Жамбыл облысында дәрігер тапшы

Ақ халаттылардың аздығы әсіресе, облыс орталығының іргесінде тұрған Жамбыл ауданында қатты сезіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, окулистке күніне 20-дан аса адам ауылдардан арнайы жолдамамен келеді. Ал, дәрігер әр науқасты 1 сағаттай қабылдайды. «Кезегің жеткенше мазаң кетеді», - деп шығамданған тұрғындардың назын тілшіміз тарқатсын.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

- Аса ауылында орналасқан аудандық емханада окулист маманның кабинетіне кіру мұң. Ұзын-сонар кезек күтіп отырғандардың әбден мазасы қашқан. Ересектерге де, балаларға да ортақ жалғыз дәрігер бар. Ал, шалғайдағы ауылдан таң атпай жеткендер, түс болды, дәрігердің алдына әлі кірмепті.

Блиц 1:

- 3 сағат болды кезекте отырғанымызға. Мүмкіндігі шектеулі баламен отырмыз. Окулист дәрігер бар, бір адамды 45 минут қарайды. Біз таңертеңнен келгенбіз Жасөркеннен. Оның да мүмкіндігі шектеулі. Жалғыз окулист. Бүкіл ауданда. Аудан бойынша бір-ақ окулист. Неге балалар окулисті болмайды. Біреулер порталға келеді.

Блиц 2:

- Окулистке кіре алмай жатырмыз. Таңертеңнен мүгедек балаларымызбен кезек күтіп отырмыз. Дәрігер бір науқасты 40-60 минут қарайды. Мында не дәретхана жоқ, не қол жуайық десек су жоқ, тамақ ішейік десек, буфет, асхана жоқ. Азаннан аш қарынға келіп жүрміз, түстен кетті.

Блиц 3:

- Бар ауданға бірақ көз дәрігері. Балаларға, ересектерге барлығына ортақ бір дәрігер. Оның қабылдауына кіру өзі бір сын. Таңнан кешке дейін отырамыз. Осы мәселені шешіп берсе жақсы болатын еді.

Әбден ашуға булыққан тұрғындар телеарнаға жүгінген. Ал, емхана басшылығы телеарна келіп тұрғандықтан төбе көрсетті.

Сауле Қадыржанқызы, аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Ол «Даму» бағдарламасымен қабылдайды. Ол кісілер де «Дамумен» жазылған. Барлығы қабылданады.

- Түске дейін қанша адам кірді? 5 адам түске дейін, түстен кейін 25 адамды қабылдап үлгереді ме?

-Иә, үлгереді.

- Сіздерде неге мұндай жағдай туындап тұр? 25 адам кезек күтіп отыр. Кадр тапшылығы бар ғой. Тағы қандай мамандар жетіспейді?

- Бізде кадр тапшылығы бар ғой. Бізде инфекционист жетіспейді. Бізде анестезиолог-реаниматолог жетіспейді. Бізде ВОП дәрігерлер жетіспейді.

Арнайы медициналық «Даму» бағдарламасы арқылы электронды түрде жолдамамен келетін халық неге кезек күтіп сарылып отыру керек деген сауалға дәрігерлердің өздері жауап таппай дал.

Бірінші – дәрігер жетіспеушілігін, екінші ұзын-сонар кезекті реттейтін, науқастардың назын тыңдап, еміне шипа ұсынатын  ауданның бірінші дәрігерімен танысып қойыңыздар!

Алтай Саурықов, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері:

- Кешіріңіз, кабинетіме жүріңізші. Жүріңіз кабинетіме.

- Сіз кім боласыз?

- Бірінші менің кабинетіме жүріңіз.

Сіз кім боласыз?

- Бас дәрігер.

- Мына жерде мені емес, халықты тыңдаңызшы.

- Мен жауап беремін, кабинетімде.

Бас дәрігердің соңынан еріп, айтқанын тыңдадық. Былай дейді:

Алтай Саурықов, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері:

- Сіздің түсіргеніңіз бекер болады. Өйткені ол кісінің уақыты түс қайта шығар. Онда қазір бір тұрғынды алайық та, тексерейік онда.

Сөйтсек, дәрігерлер «Даму» арқылы онлайн кезекпен қабылдайды-мыс! Ал, дәрігердің есігінің алдында кезек тудыру ол тұрғындардың өз таңдауы екен. Сол тиісті жолдамада көрсетілген уақытта науқастар қабылданып жатыр ма?! Оны да тексеріп көрдік...

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

- Қазір бұл кісі сағат нешеде қабылдану керек. 11:30-11:40 аралығында қабылдануы кіру кеерк еді, бірақ сағат 13:00, әлі кірген жоқ дәрігерге.

Өкінішті. Бірақ дәрігерлердің өздері де арнайы бағдарлама бекітіп берген онлайн кезекке бағынбайтын болып шықты. Бас дәрігер де соңында мәселенің бастауы қайдан шығып жатқанын түсіндірді-ау әйтеуір!

Алтай Саурықов, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері:

- Маған келген адамның біреуін мен қуып шықпаймын. Қабылдаймын. Тындаймын. Бізде науқастарды қолдау қызметі бар. Бірақ мамандардың жетіспеушілігі болғаннан кейін бізде осындай жағдайлар болып тұрады.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

- Мен журналистпін, сіздердің осындай проблемаларыңызды көтеруім керек.

Алтай Саурықов, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері:

- Адамдар келді. Ауданның түкпір-түкпірінен. Біз оларды қабылдамай ешқайда жібере алмаймыз! Бізде электронды жазылу бар, телефонмен жазылу бар.

Жамбыл аудандық орталық ауруханасына тиісті дәрігерлер келсе, бүгінгідей мәселе туындамас еді. Сондықтан Жамбыл облыстық денсаулық басқармасы бұл мәселені қаперге алар...