424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері 8,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

  • 99
  • UPD: 10:10, 14.07.2021
Жыл басынан бері 8,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 867 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.

Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 79,2 мың этникалық қазақ оралған.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,5%) Өзбекстаннан, 10,4%-і ҚХР-дан, 7%-і Түркіменстаннан, 2,5%-і Моңғолиядан және 4,5%-і басқа елдерден келгендер болып табылады.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Түркістан (14,5%), Маңғыстау (18,7%) және Жамбыл (8,0%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7%) қаласына қоныстанды.

1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,5%-ті, еңбекке қабілетті жастан кішілер 25,3%-ті және зейнеткерлер 19,2%-ті құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 10,9%-інің жоғары, 39,3%-інің орта кәсіби, 45,9%-інің жалпы орта білімі бар және 3,9%-інің білімі жоқ.

Ақпарат көзі: ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы