424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда жеткіншектерді саудалаудың сегіз дерегі анықталды

  • 336
  • UPD: 11:44, 14.07.2021
Қазақстанда жеткіншектерді саудалаудың сегіз дерегі анықталды

Қазақстанда кәмелет жасына толмаған жеткіншектерді саудалаудың 8 дерегі анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ranking.kz порталы келтірген мәлімет бойынша қаңтар мен мамыр айлары аралығында елімізде адам саудасына қатысты 63 қылмыс тіркелген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі есе көп. Қылмыстың дені жезөкшелік пен жеңгетайлықты ұйымдастыруға қатысты болған. Оған қоса, жасөспірімдерді жезөкшелікке мәжбүрлеудің 7 дерегі белгілі  болды. Бес айдың ішінде адам саудасын ұйымдастырған  25 азамат қылмыстық іске тартылды. Оның алтауы жезөкшелік қызметті ұйымдастырса, төртеуі адам саудасын қыздырған. Олардың дені Қазақстан азаматтары, тағы екі адам ТМД елдерінен шыққан.

Хабар 24 телеарнасы