Ақмола облысында ертеңнен бастап карантин талаптары күшейтіледі

Ақмола облысындағы дәрігерлер мен полицейлер түгелдей дерлік вакцина салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның арқасында сала жұмысшыларының арасында ковид жұқтыру көрсеткіші 6 есе төмендеді. Ал, жалпы облыс тұрғындары туралы айтатын болсақ, бүгінге дейін 182 мың адам екпенің бірінші дозасын алған. Бұл - өңір жұртының 20%-і. Ал, екінші дозасын алғандар саны 90 мыңнан асады. Қазір «Спутник V» ғана егіліп жатыр.

«Жақында QazVac жеткізілуі керек», - дейді аймақтың бас санитар дәрігері. Соған қарамастан Ақмола облысында ертең карантин талаптары күшейтіледі. Аттракциондар мен жағажайлар жабылады. Ал, демалыс күндері қоғамдық көліктер қатынамайды.