Елімізде демалыс ұйымдастыру қызметінің көлемі қысқарды

Елімізде спорт, демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру қызметінің көлемі шамамен екі есе қысқарды, яғни 48,3 млрд теңге көлемінде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда саладағы баға бір жыл ішінде 5%-ке өскен. Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша сектордағы ең жоғары өсім үлесі елордаға тиесілі - 11,1 млрд теңге. Бірақ мұның өзі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есе аз. Артынша Алматы қаласында - 9,2 млрд теңге және одан кейін Шымкент пен Қарағанды облысы келеді. Қызығы сол, салада тек фитнес-клуб қызметінің көлемі 3,6 есе артқан.

Атап айтсақ, жаттығу залдары мен бассейн абонементтерінің құны шамамен 4%-ке қымбатаған. Ал қуыршақ театрлары мен би залдарының жылдық табысы тиісінше 124 млн және 62 млн теңгеде дейін азайған.