Оралда вакциналау паспортын заңсыз әзірлеу дерегі анықталды

Жалған құжат мектеп мұғалімінен табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

37 жастағы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша ол құжатты  маусым айының басында жасатқан. Ол 40 күнге әкімшілік қамауға алынуы мүмкін немесе 160 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.