Елде коронавирусқа қарсы вакцина паспортының саудасы тыйылмай тұр

Елде коронавирусқа қарсы вакцина паспортының саудасы тыйылмай тұр.

Шілде басталғалы әлеуметтік желілерде құжат сату туралы 44 жарнама анықталды. Кейбірі Ресей, Украина, Үндістан, АҚШ елдерінде тіркелген. Оларды бұғаттау бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жалған ПТР анықтама және вакцина паспортын жасайтындардың жолын кесу үшін медициналық мекемелерде тексеріс жүргізді. Нәтижесінде Алматыда үш мекеменің заң бұзғаны анықталды. Ал Павлодар облысында вакцина паспортын 5 мың теңгеге сатып жүрген медбике қолға түсті. Елордада жеке емхана директоры талдама алмай ПТР тест нәтижесін 6 мың теңгеге жасап беріп келген. Ішкі істер министрлігі жалған құжат жасағандар 4 жылға дейін, ал оны қолданғандар 40 күнге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеді. Жыл басынан бері ПТР тест қорытындысын сату және пайдалану бойынша 31 қылмыстық іс, жалған вакцина паспорты бойынша 14 іс қозғалған.

Сондай-ақ...