Нұр-Сұлтанда перзентханалардың жүктемесі арта түсті

Елордада үш перзентхананың жұмыс жүктемесі арта түсті. Әсіресе соңғы үш аптада босануға келетіндер қатары күрт өскен.

Шаһардағы №3 көп бейінді қалалық аурухананың акушерлік бөлімі 6 мамырдан бастап инфекциялық стационарға қайта бейімделген. Сондықтан қалған екі перзентханада тәулігіне 100-ден астам әйел босанады. Мерзімінен бұрын босанатындардың басым бөлігі жүкті кезде вирус жұқтырған.