424,53 504.60 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің төрт облысында карантиндік шаралар күшейтіледі

  • 422
  • UPD: 20:12, 14.07.2021
Еліміздің төрт облысында карантиндік шаралар күшейтіледі

Елорда мен Шымкентте және Қарағанды, Атырау облыстарында карантиндік шаралар күшейтіледі.

Вирус жұқтырғандар мен індеттен қаза тапқандардың көбеюіне байланысты ведомствоаралық комиссия осындай шешім шығарды. Аталған аймақтарда Ашық қосымшасына қатысатын бағыттардан өзге қалааралық, облысішілік автобус және микроавтобус тасымалдары уақытша тоқтатылады. Жабық жағажайлар мен аквапарктардың, аттракциондардың қызметі тоқтатылады. Демалыс күндері қоғамдық көліктің, сауда орталықтарының, ашық және жабық базарлардың, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және бірқатар нысанның жұмысына тыйым салынады. Жұмыс күндері аталған нысандардың сағат 5-ке дейін ашылуына рұқсат етілді. Барлық ұйымдарда қызметкерлердің 80 проценті қашықтан жұмыс істейді. Бұл талаптың вакцина салдырғандар мен 3 айда коронавирустан жазылып шыққандарға қатысы жоқ.

Хабар 24 телеарнасы