Оралда фитнес залы мен үй кинотеатры бар мәйітхана салынады

Оралда фитнес залы мен үй кинотеатры бар мәйітхананың құрылысына қатысты әкімдік түсінік берді. Билік өкілдері жобаның тиісті талаптарға сәйкес дайындалғанын айтады.

«Егер ол жабдықтар мен кабинеттер қарастырылмаса, құжат мемлекеттік сараптамадан өтпейді», - дейді шенеуніктер.

Облыстық құрылыс басқармасы құны бір миллиард теңгеден асатын мәйітхана құрылысына тендер жариялаған болатын. Конкурс жеңімпазы анықталып та үлгірген. Мердігер алдағы 11 ай ішінде құрылысты аяқтауы қажет. Әзірге қазынадан қаражат бөлінбеген.

Нұркен Молдашев, облыстық  құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Психо-эмоционалдық жеңілдету, оқытушының кабинеттері және мемлекеттік тілде оқыту кабинеті, фитнес зал сол ережелерге сәйкес жасалынды. Аталған кабинеттер 8 сағаттық жұмыстан кейін патологоанатомдық бюро қызметкерлерінің психологиялық жеңілдеу мүмкіндігіне ие болуы үшін көзделіп жасалған жоба. Сондай-ақ үй кинотеатры деп отыр.

Сондай-ақ...