Петропавлда жауыннан көп қабатты үйлердің төбесінен су сорғалады

Еліміздің солтүстігінде шелектеп жауған жауын-шашын тұрғындарды әлекке салды. Петропавлда қатты нөсерден көп қабатты тұрғын үйлердің төбесінен су сорғалады. Ескі үйлерді есепке алмағанда жаңа баспаналардың да төбесі тесіліп қалған. 

- Вот видите у меня рука даже залазит. Тут дырка. Начало тут плита уже осыпаться. Вот видите трещина по плите пошла. 

Бірнеше күн қатарынан жауған жауын петропавлдықтарды тығырыққа тіреді. «Жас өркен» ауданында шамамен 3 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген 9 қабатты тұрғын үйдің шатыры сыр беріп, төбесінен су ақты. Салдарынан тұрғындар өз беттерінше техникалық қабатты ыдыстарға толтырып қойған. 

Қала тұрғыны:

- Былтыр да осы мәселе алаңдатқан еді. Бірақ жауаптылар олқылықтың орнын толтырғандай болды. Дегенмен, міне қатты нөсерден пәтеріміз күні кеше көлге айналды. Тамшылаған жерлердің барлығына ыдыс қойып, су тасумен әлек болдық. Екі бөлменің төбесі бүлінді. Су электр сымдарына жақындап қалды. Ертең апат болса кім жауап береді? Балаларым үшін алаңдаймын. 

«7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алғандардың қуанышы су сепкендей басылды. Қазір олар кімнен көмек сұрарын білмей дал. Себебі кепілдік уақыты өтіп кеткен.

Тұрғындар «қиын жағдайға тап болуына табиғаттың тосын мінезінен бұрын жауаптылардың өз ісіне салғырттығы себеп» деп отыр.  

Сәуле Смағұлова, қала тұрғыны:

- Басында пока дом гарантияда болғанда көп рет шақырдым мен бұларды қайта-қайта. Сильно сифонила. Такой свист, невозможно было осы квартирада отыруға. Енді кеше қараймын су ағып жатыр екен. Білмеймін сол организация бар ғой, басқа үй салып жатыр ғой. Енді оларға сабақ болу керек ғой.  

Сабақ болдықтан құрылыс жұмыстарын жүргізген компания олқылықтың орнын толтыруды бастап кетті.  

Антон Зенченко, серіктестіктің учаске басшысы: 

- Барлық жұмыстарды жобалық–сметалық құжатта көрсетілгендей істедік. Біздің еш кінәміз жоқ. Тек алған материалдардың сапасы төмен болып шықты. Екі жылға жетпей сыр берді. Үй кепілдікте болмаса да жеке  қаржымызды шығарып жағдайды ретке  келтіріп жатырмыз.  

Қалаға кіре берісте бой көтерген 18 қабаттан тұратын жаңа үйде де дәл осындай көрініс. Бірнеше күнге созылған жауын ескі үйлердің де тұрғындарын әбігерге салды. 

Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев