424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үржар ауданында шөп шабуға студенттер тартылып жатыр

  • 98
  • UPD: 21:42, 14.07.2021
Үржар ауданында шөп шабуға студенттер тартылып жатыр

Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында шөп шабу науқанына студенттер тартылып жатыр.

Таскескен ауылындағы кәсіптік техникалық колледжде 226 шәкірт бар. Фермер шаруашылығы мамандығын игеріп жатқан жастар ұстаздарымен бірге өндірістік тәжірибеден өтіп жүр. Олар трактор жүрігізіп, шабындықта мал азығын дайындауға көмектесті. Оқу орыны биыл 1411 гектар жерді заңмен рәсімдеп, құжаттарын алған. Бұл жерлерден 100 тонна шөп шинау көзделіп отыр. Ол колледж ұжымына нарықтан 2 есе арзан бағамен беріледі.

Қанағат Шарахметов, колледж директоры:

- Жақсы маман дайындау үшін болашақ біздің студенттеріміз барлық жерді өңдеу процестерін игеріп, білуге міндетті. Сондықтан да көктемнен бастап, жыл он екі ай қандай агротехникалық жұмыстар жүргізіледі – соның түгелін өзіміздің қосалқы жер шаруашылығында атқарамыз. Мал ұстауға да болады, өйткені бұрын мал ұстаған ферманың орыны бар, сол қаражат жинап алып, соны да ақырын-ақырын дамыту ниетіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы