424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда үстіне ағаштың бұтағы құлаған баланың жағдайы ауыр

  • 186
  • UPD: 23:42, 14.07.2021

Алматыда үстіне ағаштың бұтағы құлаған 9 жасар баланың жағдайы ауыр.

Оқыс оқиға бүгін түсте Жандосов пен Береговой көшесінің қиылысында болған еді. Бала анасымен бірге көше қиылысында тұрған. Шұғыл жеткен жедел жәрдем зардап шеккен баланы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізген.

Дәрігерлердің айтуынша, оның қабырғалары мен аяғы сынған. Өкпесі мен жүрегіне зақым келген. Бала жансақтау бөліміне жатқызылып, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.   

Марат Қалтаев, дәрігер:

- Қажет ем-домның барлығы жасалуда. Меніңше, жақсы болып кетуі керек. Ол үшін барлығы жасалынады. Біздің ауруханада көмек көрсететін аппратура бар.

Хабар 24 телеарнасы